Үйі
Қазақстандағы ауқатты отбасыларға арналған ағылшын тілді бала күтушілер мен гувернанткалар
Британдық және американдық бала күтушілері сіздің балаңызды ағылшын тілінде мінсіз сөйлеуге үйретеді. Балалық шақтан басталған лингвистикалық дамудың арқасында бала мектеп бағдарламасын жеңіл игереді, тілге бейімделген сыныпқа ілінеді, барлық емтихандарды тапсырып, беделді оқу орнына оқуға түседі, мәселен, Stanford University, University of Cambridge, University of Oxford. Біздің бала күтушілер баланың ағылшын тілін ана тілінде сөйлейтіндей етіп дамытады.
Ағылшын бала күтушісі шәкіртімен шұғылданады, https://www.youtube.com/watch?v=jv1zktjynV8
Британдық бала күтушінің қазақ баласына оң әсері
Баланың миы сорғыш секілді, көптеген ақпаратты сіңіріп алады. Ол ағылшын тілді гувернанткамен тілдесу барысында сөздерді, грамматиканы және дыбысталуын автоматты түрде қағып алатын болады. Есейген кезде оған ұзақ кештерде ережелерді, формулаларды және транскрипцияларды жаттаудың, өмірде және бизнесте шетел адамдарымен қарым-қатынас жасаудың жолдарын іздеудің қажеті болмайды.
Бала тілтанымы
Бала тумасынан кез келген тілді айрықша жылдамдықпен үйренеді. Ересек адамға үйренуге бір жыл уақыт қажет болғанда, бала бір-екі айда игеріп шығады. Сондықтан балалық шақ — шет тілін үйренудің ең жақсы мезгілі.Анық сөйлеу
Британдық немесе американдық гувернанткалар ағылшын тілінде сөйлеушілер болғандықтан, олар мектеп мұғалімдеріне қарағанда акцентсіз сөйлейді. Балаға осылардың барлығы тілді сөйлеушінің деңгейінде үйренуге көмектеседі.Беделді колледж жолындағы қарқынды бастама
АҚШ және Англияның бала күтушісі баланы тез әрі анық сөйлеуге үйретеді. Ілгеріде бұл білімі халықаралық мектепке немесе ЖОО-на түсуге көмектесетін болады.Халықаралық мансапты дамытудағы алғашқы саты
Ірі әлемдік холдингтер, қаржы бірлестіктері, дүниежүзілік ұйымдар шетелде орналасқан. Ағылшын тілін жетік меңгерген бала, есейген кезінде талап етілген маманға айналады.Ағылшын тілі бала және отбасы үшін
Көптеген ауқатты қазақ отбасыларына тілдік деңгейді көтеру қажет. АҚШ немесе Англия бала күтушілері үйде тек қана өзінің тілінде сөйлейді, соның арқасында сіз де ағылшын тілін жетік меңгере аласыз.
Британдық гувернанткалар мен бала күтушілері отбасы мүшелерін қоғамның жоғарғы топтарына тиесілі әдет пен мінез-құлық ережелеріне үйретеді.
Британдық бала күтушілер қауымдастығының интернационалдық тіркеуі
English Nanny — гувернанттарды, гувернерларды, бала күтушілерін, аспаздарды Қазақстанның ауқатты отбасыларына арнап іріктеуге маманданған халықаралық агенттік. Жұмысшылардың тізімінде International Nanny Association (INA)-де аккредиттелген тұлғалар.
INA — үйдегі балаларға тәрбие беру, білім беру және бағып-қағу саласында жұмыс жасайтын ұлттық бала күтушілер қауымдастығы. 1985 жылы іргесін қалап, бүкіл әлемдегі бала күтушілер мен гувернанткалардың үлгілері мен талаптарын анықтады. Қауымдастық кәсіпқойлықты арттырады, талап етілген мамандарды оқытады, ата-аналарға дұрыс бала күтуші мен гувернантканы таңдауға көмектеседі. INA — кәсіпқой бала күтушілер нарығындағы барлық міндеттердің атқарылуын қадағалап отыратын жалғыз ұйым. Толық ақпарат — http://nanny.org/about-us/
Бала күтушісін іріктеу агенттіктері нарықта 30 жылдан астам уақыттан бері жұмыс жасап келеді. Үлкен тәжірибе орыс, украина, қытай, араб отбасыларына кәсіпқой гувернанткаларды іріктеуде жетік позицияға орналасуға көмектесті. Қазақ отбасыларының жоғары қызығушылығы бізді Қазақстан нарығына шығуға түрткі болды және сіздер өз балаңызға ең жақсы британдық бала күтушісін таңдауға мүмкіндіктеріңіз бар.
English Nanny агенттігінің Британдық кәсіпқой бала күтушілері мен гувернанткаларына берген мінездемесі мен пікірлері
Маған English Nanny компаниясының тіл табысуы ұнады, олар жылдам әрі ұқыпты жұмыс жасайды, егер бала күтуші мен отбасы үйлесе алмаса, алмасутыруға дайын, ал ең бастысы — ұйымдастырушылық сәттерді дербес шеше алады.
«Шетелдік бала күтуші қызметімен біздің отбасы бес жылдан бері қолданып келеді. Бастапқыда бізде Ұлыбританияның гувернанткасы болды және мен нәтижесімен өте ризамын, балаларым, қазір олардың жастары 7-де және 9-да, ағылшын тілінде мінсіз және дұрыс британдық акцентте сөйлейді. Қазір бізде франциялық бала күтушісі бар және оны English Nanny-дің көмегі арқылы таптық. Маған компанияның тіл табысуы ұнады, олар жылдам әрі ұқыпты жұмыс жасайды, егер бала күтуші мен отбасы үйлесе алмаса, алмасутыруға дайын, ал ең бастысы — ұйымдастырушылық сәттерді дербес шеше алады. Менің балдарым француз тілін де оңай меңгеретіндеріне сенімдімін.»Менің бар болғаны 4 жастағы немерем ағылшын тілінде студенттерден де жақсы және маған қарағанда еркін сөйлейді
«Бұрынырақ мен академияда ағылшын тілінен сабақ бергенмін және айтқым келгені, менің бар болғаны 4 жастағы немерем ағылшын тілінде менің бұрынғы студенттеріме қарағанда жақсы және маған қарағанда еркін сөйлейді. Бұның себебі, ол ағылшын тілінде сөйлеген кезде, шет тілін енді үйренуді бастаған көпшілік секілді сөйлемнің құрылысын ойлап тұрмайды. Ол үшін ағылшын тілі, ана тілі-орыс тілі секілді жақын».Ағылшын бала күтушісі біздің отбасындағы нөмірі бірінші адамға айналды
«Бір күні біздің отбасыда бір оқиға орын алды. Менің балам ат спортымен айналысады және нұсқаушы қадағаламай қалған кезде, жылқы баламды алып шоқырақтап шауып жөнелді. Болған жәйтті көріп, мен қозғала алмай қалдым, ал біздің бала күтушіміз баланы құтқару үшін жұлқына ұмтылып, шауып бара жатқан жылқыны тоқтатты. Осыдан соң ол біздің отбасыдағы нөмірі бірінші адамға айналды. Біз баланың қауіпсіздігі жайлы алаңдамаймыз. Ол баланы жақсы әдетке үйретті және баламыз космополитті болып ер жетті. Ол әлемнің кез келген мемлекетінде өзін сенімді әрі бөтен емес сезінеді. Біз қайда келсек те, кез келген баламен ағылшын тілінде сөйлесе алады. Ағылшын бала күтушісі, әрине, бағасы арзан тұрмайды, бірақ бұл баланың біліміне құйған керемет инвестиция».Қазақстандық балаға арналған британдық бала күтушісі
Британдық немесе американдық бала күтушілері 6 айдан 5 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға күтім жасайды. Бұл кезеңде бала қоршаған әлемнің негізгі сырларын аңғара бастайды, сөйлеуді, санауды және жазуды үйренеді. Артық ақпартпен толмаған ми ағылшын тілін тез қабылдайды, түсінеді және жадында сақтайды. Барлық бала күтушілер бала тәрбиесі жөнінде жоғарғы білімі бар, алдыңғы жұмыс беруші отбасылардан ең жақсы мінездемелер алған және шұғыл жәрдем көрсету жайлы сертификатқа ие. Әр үміткер CRB қылмыстық базасында тексерістен өтеді.
Англия немесе АҚШ бала күтушілері баланы өзін-өзі ұстауды үйретеді, қоршаған орта мен адамдарға деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулиды, әдет-ғұрып пен қағидаларды бағалауды үйретеді, отбасында ата-ананың беделін түсірмейтіндей етіп, дұрыс қарым-қатынас құра біледі.. Сізбен келімпей тұрып, ешқашан ешқандай іс-әрекетке бармайды. Қажет болған жағдайда балаңызбен шетелге бірге барады.
Қазақстан баласына арналған британдық гувернанткалар мен гувернерлар
Британдық гувернантка 4 жас пен 5 жас аралығындағы балаларға жарайды. Төрт жас — дербес және жақсы меңгеретін кезең. Маман ағылшын тілін меңгеруге үйретеді және баланы басқа мемлекетке ЖОО-на немесе халықаралық мектепке түсуге дайындайды. Англия гувернанткасы екі жас категориясына арналып жалданады. Мектепке дайындықты қажет ететін, мектеп жасына дейінгі бала. Университетке түсуге тілдік дайындықты қажет ететін, жасөспірім.
Англия гувернеры - ұл балалар арасында талап етілген маманға айналған, өз ісінің маманы. Ер-тәрбиеші балаға спорттық ойындарды игеруге көмектеседі, отбасы ішіндегі және қоғамдағы әдеп ережелеріне үйретеді. Ол ер-азаматтық үлгіні, ар-намысты және абыройды көрсетеді, балаға өз қызығушылығын қорғауды, өздігінен шешім қабылдауды, ағылшын тілін ең жоғарғы деңгейде меңгеруге үйретеді.