Қызметтер

Қазақ отбасының баласына арналған Британдық бала күтуші  

Британдық бала күтушісі балаларға алты айлығынан бес жасына дейін тәрбие береді. Тәрбиелеу барысында ол балаға ағылшын және қазақ тілдерін қатар үйретеді. Тілді үйрену ойын барысында өтеді, ол балаға ағылшын тілінде өзінің қазақ тіліндегідей сөйлеуге мүмкіндік береді.


Кәсіпқой бала күтуші: ол кім Британдық бала күтуші — жоғары білікті маман. Англия — бала күтуші мен гувернантка талап етілген, жақсы төленетін және беделді кәсіп болып саналатын мемлекет. Басқа елдерге қарағанда Англияның бала күтуші мамандары ЖОО-да білім алады.

Баланы өзінің туғанындай жақсы көреді

Қазақстандық ата-аналар балаларын британдық бала күтушілерінің тәрбиесіне оның денсаулығы мен оқуын алаңдамай оңай береді. Ағылшын маманы — балаларды жақсы көретін, мықты әрі жауапты тұлға. Балаға деген ұқыпты қарым-қатынас — үміткерді іріктеудегі басты қасиеттердің бірі, бірақ бұл ғана емес. Бала күтушінің балаға деген қарым-қатынасын тексеру, ол жұмыс жасаған отбасылардың оған берген мінездемесі мен пікірін негізге ала отырып талданады.

ЖОО-ның бағдары бойынша білім алған

Британдық бала күтуші — үлгі тұтарлық тұлға, қоғамдағы мінез-құлық пен мәнер эталоны. Ол ЖОО-нын тәмәмдаған, ағылшын тілінде сөйлеуші және баланы үйрете алады.

Қазақстанда сіз “білікті бала күтуші” немесе “білікті гувернантка” деген ұғымды кездестірмейсіз, осыған ұқсас қызмет көрсететін агенттіктерді жолықтырмайсыз. Қазақстан Республикасындағы отбасылар көбінесе балаларын өздігінен тәрбиелейді немесе таныстары кеңес берген бала күтушілерін жалдайды. Бұндай үміткерлер қатарына балаларын өздері бағып-қаққан зейнеткер әйелдер немесе ақшаға зәру, жоғары білімі жоқ әйелдер кіреді. Олардың барлығы төмен жалақыға жұмыс жасайды. Ұлыбританияда кәсіпқой бала күтушілерді даярлайтын үш негізгі жоғарғы оқу орны бар: Norland College, Montessori Trained Nannies, Chiltern College. Бұндай мекемеде оқу ақысы жылына 16 мың долларды құрайды. Бұл кешкі “бала күтуші курсы” емес, болашақ мамандарды жұмыстың барлық негіздеріне үйрететін толық семестрлер.

Ағылшын тілінде сөйлейтін бала күтушілер баланы алты айынан бастап ойындар және шығармашылық сабақтар арқылы дамытуға, қыңырлық жасаған сәтте баланы тыныштандыруға, көңілін көтеруге, баланың ылаң салуы мен мәжбүрлеулеріне байсалды жауап беруге қабілетті тұлға. Оқу барысында олар бала тәрбиесінің 18 пәнін меңгереді.

Іріктеудің барлық кезеңінен өткен және “ең жақсы” мәртебесіне лайықты 

Ұлыбритания бала күтушісі белгіленген уақытта бір рет балаға алғашқы медициналық көмек көрсету жайлы қайта аттестациялаудан өтеді. Ол 6 ай мен 2 жас аралығындағы балалармен жұмыс жасауға рұқсат етілген CACHE куәлігіне ие. Ешбір үміткер CRB (DBS) қызметі тізімінде тіркелмеген.

Нәрестелер және балармен жұмыс жасау тәжірибесі өте мол

English Nanny агенттігінің Британдық бала күтушілерінің міндетті түрде балармен жұмыс жасау тәжірибесі болады. Олар баланың интеллектуалды, эмоционалды және психологиялық қабілеттерін айқындайды, физиологиялық ерекшеліктерін және әлеуметтік дамуын түсінеді. Бала күтуші Қазақстанға келер алдын, бір жыл бойы жергілікті британдық отбасында тәжірибе жинақтау үшін жұмыс жасайды.

Ағылшын тілінде сөйлейтін бала күтуші жеке гигиенаға, бағып-қағуға, баланың ерте дамуына арналған талаптарды жақсы біледі. Ол ойындарды жылдам ұйымдастырады, жасына сәйкес келетін сабақтарды ойлап таба алады, шұғыл жәрдем көрсете алады, балаға зақымданудан және науқастанудан қорғайтын қауіпсіз орта туғыза алады. Маманның психологиядан хабары бар, ата-аналармен оң қарым-қатынас құра алады және аналарға босанғаннан кейін қалыпқа келуге көмектеседі.

Бала күтуші қазақ отбасындағы балаға не үйретеді? Бала күтуші үйіңіздің босағасын аттамас бұрын, сіз онымен жұмыстағы тілектеріңіз бен міндеттер жайлы шарт түзесіз.

Англия бала күтушісінің қазақ отбасындағы міндеттері:

– Ата-аналардың жалдау кезінде қалауымен жасалған формадағы, сабақтар, ойындар, отбасы және қоршаған адамдармен тілдесу барысында ағылшын тілін (сөйлеу, жазу, оқу) үйрету;

– Балаға тәрбие беру, бағып күту және қадағалау, қате дыбыстауын дұрыстау;

– Баланың құрдастарымен қатынасында бірлесіп жұмыс жасау, жасына тиесілі білімі мен икемділігін қадағалау, қоғам және отбасындағы мінез-құлық әдебіне үйрету, отбасылық қағидалар мен құндылықтарға сүйіспеншілікті арттыру;

– Баланы ойын барысында оқыту және дамыту, тамақтандыру, қажетті гигиеналық рәсімдерді орындау;

– Бала бөлмесінде тазалықты сақтау, сыртқы келбетінің мұнтаздығын қадағалау. Бөлмені аптасына екі рет толық тазалап шығу;

– Балаға тәрбие беру қызметі бойынша келісілген уақыт аралығында дамыту ойындарын ұйымдастыру және қадағалау, баланы жасына сай келетін сабақтарға қызықтыру;

– Баланың физикалық және эмоционалды денсаулығына қауіпсіз болатындай орта ұйымдастыру. Күні бойы баланы науқастардан және жарақаттардан қорғау;

– Күн тәртібінің орындалуын қадағалау, кесте түзу, ата-аналарға бір күндік жасалған жұмыс, жетістіктері мен жаңадан алған білімі жайлы кешкі есеп;

– Отбасы белгілеген тамақтану тәртібін сақтау, жасына және әртүрлі физиологиялық ерекшеліктеріне сай мәзір әзірлеу;

– Англия бала күтушісі әрдайым өзі немесе жұмыс беруші отбасы тағайындаған униформада жүреді.

Британдық бала күтушісі қазақ отбасында тағы да немен айналысады 

Англия бала күтушісін ұстаудың ең басты артықшылығы - баланың қатар екі тілді меңгеруі. Тәрбие беру барысында ол ағылшын тілінде ана тілінде сөйлегендей сөйлейтін болады. Негізгі артықшылық жас балаға қыруар мүмкіндіктер сыйлайды. Ағылшын тілі мен жазуын жастық шақта үйрену - беделді университеттерде оқудың бастамасы. Бірінші сыныпқа халықаралық қазақ мектептеріне түсуге толығымен дайын болады, ал кәмелет жасқа толғанда, University of Cambridge, University of Oxford, Stanford University секілді беделді ЖОО-на түсуге емтихандарды оңай тапсыратын болады. Ағылшын және ана тілін қатар меңгеру ұзақ мерзімді есте сақтау, логика және ойлау қабілетін дамытады. Балаға мектеп бағдарламасы жеңіл болады, жоғарғы бағалар алатын болады.

Британдық бала күтушісін қазақ отбасына қалай жалдауға болады 

Беделді оқу орнын бітірген Англия бала күтушілері түйіндемесін жұмысқа орналастыратын сайттарға салмайды. Олар мүдделерін Қазақстанға таныстыруға дайын, тексерілген мамандандырылған агенттіктерге сенім артады. Егер сіз бала күтушісін жалдағыңыз келсе, бағасын мұқият қараңыз, Қазақстанда жұмыс жасауға дайын үміткердің түйіндемесімен танысыңыз және біздің телефонымызға хабарласыңыз.